APNs сертификатын алу

APNs сертификатыңыз бұрыннан бар болса, жаңасын жасаудың орнына, оны жаңартыңыз. APNs сертификатын жаңадан жасалған сертификатқа ауыстыру кезінде, Басқару сервері қазіргі сәтте қосылған iOS ұялы құрылғыларын басқара алмай қалады.

Сертификатқа қол қоюды сұрауды (бұдан әрі - CSR сұрауы) жасау үшін, APNs сертификатын алу шеберінің бірінші қадамында болашақ сертификаттың жеке бөлігі (private key) құрылғының жедел жадында сақталады. Сол себепті, шебердің барлық қадамдары бағдарламамен жұмыстың бір сессиясы шеңберінде аяқталуы тиіс.

APNs сертификатын алу үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  3. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    iOS MDM сервері сипаттары терезесі ашылады.

  4. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Сертификаттар бөлімін таңдаңыз.
  5. Сертификаттар бөлімінде, Apple пуш-хабарландыруының сертификаты параметрлері блогында Жаңасын сұрау түймесін басыңыз.

    APNs сертификатын алу шебері іске қосылып, Жаңасын сұрау терезесі ашылады.

  6. Сертификатқа қол қоюды сұрауын (бұдан әрі CSR сұрауы) жасаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. CSR жасау түймесін басыңыз.
    2. Ашылған CSR жасау терезесінде сұраудың атауын, компания мен департамент атауын, қаланы, облысты және елді көрсетіңіз.
    3. Сақтау түймесін басып, CSR сұрауы сақталатын файл атауын көрсетіңіз.

    Болашақ сертификаттың жеке бөлігі (private key) құрылғының жадында сақталады.

  7. CSR сұрауымен бірге жасалған файлды сіздің CompanyAccount арқылы "Лаборатория Касперского" бағдарламасына қол қою жіберіңіз.

    CSR сұрауына қол қою, Ұялы құрылғыларды басқаруды қолдануға рұқсат беретін кілтті CompanyAccount порталына жүктегеннен кейін ғана қолжетімді.

    Электрондық сұрауыңыз өңделгеннен кейін, сіз "Лаборатория Касперского" қол қойған CSR сұрауы файлын аласыз.

  8. Қол қойылған CSR сұрауы файлын ерікті Apple ID арқылы Apple Inc. веб-сайтына жіберіңіз.

    Дербес Apple ID қолдану ұсынылмайды. Бөлек Apple ID жасап, оны корпоративтік идентификатор ретінде қолданыңыз. Жасалған Apple ID-ді жекелеген қызметкердің емес, ұйымның пошта жәшігіне байлаңыз.

    CSR сұрауыңыз Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін, сіз APNs сертификатының жария бөлігін алатын боласыз. Алынған файлды дискіге сақтаңыз.

  9. APNs сертификатын CSR сұрауын қалыптастыру кезінде жасалған жеке кілтпен бірге PFX пішіміндегі файлға экспорттаңыз. Бұл үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
    1. Жаңа APNs сертификатын сұрау терезесінде CSR аяқтау түймесін басыңыз.
    2. Ашылған Ашу терезесінде, CSR сұрауы Apple Inc. тарапынан өңделгеннен кейін алынған сертификаттың жария бөлігімен бірге файлды таңдап, Ашу түймесін басыңыз.

      Сертификатты экспорттау іске қосылады.

    3. Ашылған терезеде жеке кілтке арналған құпиясөзді енгізіп, ОК түймесін басыңыз.

      Белгіленген құпиясөз APNs сертификатын iOS MDM серверіне орнату үшін қолданылады.

    4. Ашылған APNs сертификатын сақтау терезесінде APNs сертификатын сақтауға арналған файл атауын көрсетіп, ол сақталатын қалтаны таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.

Сертификаттың жеке және жария бөліктері біріктіріледі, APNs сертификаты PFX пішіміндегі файлға сақталады. Содан кейін, сіз iOS MDM серверіне APNs сертификатын орната аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

APNs сертификатын жаңарту

Басына оралу